Қостанайда 3 мұғалім жан тапсырған көлік апатына қатысты сот үкімі оқылды. Қайғылы оқиға өткен жылы Қостанай – Әулиекөл – Сурган автотрассасында болған еді. Тергеуде Volvo жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, Toyota Alphard шағын автобусын соққаны анықталды. Алты жолаушының үшеуі сол жерде көз жұмды. Мұғалімдер біліктілік арттыру курсына бара жатқан. Жүк көлігін тізгіндеген Исмаилжон Розакулов ұйықтап кеткенін және оған шынайы өкінетіндігін айтқан. Кәмелетке толмаған 3 баласы барын алға тартқан айыпталушының уәжіне қарамастан судья 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Сондай-ақ айыпталушы 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.
АДЕЛИЯ ХАСЕНОВА – ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ СУДЬЯСЫ:
— Іс материалдары бойынша кінәсі толық дәлелденген. Сараптама қорытындылары және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, куәгер, жәбірленуші, сарапшылардың айғақтарымен және де сот барысында Розакулов өз кінәсін мойындады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.