Таразда әжесі мен немересі есірткі таратқан

Сексенге келсе де тыным таппады. Тараздық қария немересіне жол сілтеудің орнына синтетикалық есірткі тасытты. Бірі сатты, екіншісі жүгін жеткізді. Көлігін тоқтатқан кезде, ішінен есірткіні буып-түюге арналған зип-пакеттер табылған. Сезіктенген полицейлер күдіктілердің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. 78 жастағы зейнеткердің киімінің қалтасынан 3 грамнан астам синтетикалық есірткі табылып, пәтердегі тігін жәшігінің астынан 360 грамнан астам «синтетика» анықталды. Немересі кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал әжесіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚАНАТ БЕЛГІБАЕВ — ЕҚҚК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.А.:
— Тұрғылықты жері бойынша тінтіп 364 грамнан астам синтетикалық есірткі зат тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 8 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 582 грамнан астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
———————————————