Шымкент 41 жастағы науқасқа донорлық жүрек сәтті салынды

Шымкент тұрғынына жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Донорлық жүрек 1,5 сағаттың ішінде Тараз қаласынан жедел жеткізіліп, 41 жастағы реципиентке салынды. Науқас 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігімен ауырған. «Донорлық органды алу, тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық талапқа сай жүргізілді», — дейді мамандар. Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін, Жүрек орталығының білікті мамандары екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған.
———————————————