Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері анықталды. Палата Спикері Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Оның айтуынша, бүгінде Мәжілісте 700-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы аккредитациядан өткен. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Биыл «Парламент сөзі» сыйлығына 100-ден астам өтініш түскен. Тек үздіктер ғана 7 номинация бойынша марапатталды. «Үздік интернет-радиоматериал» номинациясын Курсив.кз порталының журналисі Әйгерім Тукушева, ал «Арнайы репортаж» номинация бойынша Tengrinews.kz порталының тілшісі Алина Шашкина жеңімпаз атанды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.