Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ДҮР СІЛКІНДІРГЕН ЖАРЫЛЫС
Солтүстік Қазақстан облысындағы қытайлық кәсіпорында жойқын жарылыс болды. 9 адамның денесі күйген. Арасында қарапайым жұмысшы да, құтқарушы да бар. Жарылыстың себебі жұмбақ.
ҚҰДЫҚТАҒЫ ҚАЙҒЫ
Кұлсарыдағы қайғылы оқиға. 57 жастағы жұмысшы 12 метрлік терең кәріз құдығына құлап, қаза тапты. Полиция оқиғаның нақты себебін анықтауға кірісті.
МЕКТЕП ЖАУАПТЫ ЕМЕС
Мектеп тәулік бойы қадағалайтын тәртіп сақшысы емес. Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов каникул кезінде оқушыға ата-анасы жауап беруі тиіс деп есептейді. Ал халық пікірі қандай?
ЗЕЙНЕТТЕГІ ЗҰЛЫМДЫҚ
Сексенге келсе де тыным таппады. Тараздық қария немересіне жол сілтеудің орнына есірткі тасытты. Бірі сатты, екіншісі жүгін жеткізді. Отбасылық кәсіптің ақыры немен тынды?
ЖАҢА ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Бір жарым сағатта жеткізілген жүрек. Шымкентте 41 жастағы адамға донордың жүрегі салынып, операция сәтті аяқталды. Медицина мен технологияның үйлесімі науқасқа үміт сыйлады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.