Алматыда жыл басынан бері менингококк инфекциясының зертханалық жолмен расталған 7 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда- екі науқасқа көп. Ауруға төрт бала мен үш ересек адам шалдыққан. Мамандардың айтуынша, бұл инфекция- өте тез дамиды және ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Менингококк инфекциясы ауа арқылы, әсіресе жақын байланыс кезінде жұғады. Бірнеше сағат ішінде өршіп кетуі мүмкін. Оның белгілеріне дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, құсу, желке бұлшық еттерінің тартылуы, әлсіздік және бөртпе жатады. Бұл дерттің басты қаупі — оның өте жылдам ағымында және орталық жүйке жүйесіне әсер етуінде. Ауру мидың ісінуіне, есту мен көрудің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.