МӘМС жүйесін қаржыландыру екі есеге артады. Мемлекет тарапынан төленетін жарналардың мөлшері, кезең-кезеңімен көбейтілмек. Яғни 2027 жылы 2,2%-дан бастап, 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін өседі. Әйтсе де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі алғашқы өзгерістерді қазақстандықтар келесі жылдан сезіне бастайды. Мысалы, баршаға қолжетімді бірыңғай базалық медициналық көмек пакеті енгізіледі. Оған- жедел және шұғыл көмек, паллиативтік көмек, маңызды ауруларды емдеу және кейбір скринингтер кіреді. Одан бөлек, МӘМС жарналарын есептеу үшін, жаңа лимиттер енгізіледі. Ол жұмыс берушілер үшін 40 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қызметкерлер үшін, 20 айлық есептік көрсеткішке дейін. Бұл жоғары табыс табатын жұмыспен қамтылған азаматтардың шамамен 9%-на әсер етеді. МӘМС жүйесі тағы 1 миллион қазақстандықты қамтиды. Қазіргі кезде бұл жүйеден тыс, 3 миллионнан астам адам бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.