Іздеудегі 585 адам жасанды интеллектің көмегімен ұсталды. Ақылды алгоритмге негізделген бейнемониторинг жүйесін полиция ел аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдана бастаған. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, соның арқасында, интернет алаяқтарының банктік есепшоттарынан 73 миллион теңге бұғатталды. Астанада тұрақты жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 1100-ден астам жалған жарнама жойылып, 20 киберқылмыстық топ анықталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.