Қостанайда жаңа изолятор салу қажет, бірақ жер жоқ

Қостанайда жаңа тергеу изоляторын салу өзекті болып тұр. Қолданыстағы нысан XIX ғасырдың соңында патша жандармериясы үшін салынған. Содан бері 130 жылға жуық уақыт ішінде мекеме бірнеше рет кеңейтілгенімен, қазіргі талаптарға сай емес. Мәселен, норма бойынша нысанның айналасында, тұрғын үй болмауы керек. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері жаңа ғимаратты салуға, шамамен 15 миллиард теңге қажет екенін айтады. Осыған байланысты жоба, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуы мүмкін. Бірақ бүкіл жұмыс, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезеңінде тұр. Ол үшін алдымен нысан орналасатын жер телімі нақтылануы тиіс. Басты проблема да осы. Қала аумағында жер жоқ. Бұған қоса, жаңа изолятордың құрылысы Қостанайдың бас жоспарына енгізілмеген. «Оған түзету енгізу үшін, кем дегенде екі жыл керек», — дейді мамандар.
———————————————