Жұмысшы мәртебесі заңмен бекітілмек

Елімізде жұмысшылардың жалақысын көтеріп, бұл мамандықты қоғамдық маңызды ету ұсынылды. Мәжілісте жұмысшы мәртебесі заңмен бекітілмек. Бұл – кадр тапшылығын азайтуы тиіс. Өйткені қазір коммуналдық мекемелерге маман табыла бермейді. Ендеше, Астана тазалық мекемесі бұл мәселені қалай шешіп жатыр?
Елорда енді оянып жатқанда, Астана тазалық жұмысшылары көшеге шығады. Алдымен күн жоспарын талқылап, артынша құрал-сайманын арқалап, жұмысқа кіріседі.

МАМЫР ҚАЛЫМБЕК – АСТАНА ТАЗАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Бұл деңсаулығымызға да пайдалы, неге дейсіз ғой, күнделікті таңғы азаннан тұрып, осы қалаға келіп күнде жүріп-тұрып әрекет жасау біздің жасымыздағы адамдар үшін ең керемет.

Мамыр Қалымбек, 57 жаста. Ауылдан қалаға көшіп келгелі осы салада. Сүйікті жарымен бірге еңбек етіп жатқанына 10 жыл болыпты.

НҰРГҮЛ СЕНБАЙ – АСТАНА ТАЗАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Бірнеше күн ойланып, қалай болады бұрын істеп көрмегенмін деп кірдік. 1 айдан соң енді істемеймін деп ойлап жүрдім, қорықтым. Елдің қабағына қарап, сыпыра алмай, күрей алмай жүрдім. 1 айдан соң үйреніп кетіп, содан істеп келе жатырмын.
———————————————