Алуа өмір бойы жәрдемақы алады – министрлік | 18.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕРЕКШЕ ТАҒАМ
Глютенсіз тағам қолжетімді ме? Таразда целиакиямен ауыратын балаларға арнайы тағам табылмай тұр. Ата-ана шырылдап жүр, ал жауаптылар не дейді?

АЛАЯҚ ЕМШІ
Гипноз арқылы несие рәсімдеген. Ақтөбеде халық емшісімін дейтін әйелден зардап шеккен адам саны 130-ға жақындап қалды. Олар 600 миллион теңгесінен қағылған.

ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҚТЫ
Атырау қаласының маңындағы «Ақ Жайық» қорығында қамыс өртеніп жатыр. МИ-8 тікұшағы әуеге 33 рет көтеріліп,100 тонна су шашқан.

МЫҢ ҚҰБЫЛДЫ
Елімізде ауа райы мың құбылды. Оңтүстік өңірде аптап ыстық болса, солтүстікте бұршақ жауған. Синоптиктер күн райына қатысты қандай болжам жасайды?

КӨШЕТКЕ КӨМЕК
Сәтбаевтағы көшеттің келешегі. Қаланы көркейту үшін егілген шырша жаппай қурап жатыр. Коммуналдық қызмет емес, күн сайын шелекпен су тасыған зейнеткер қамқорлық танытты.
———————————————