Ақтөбе облысында 2 адам құдыққа түсіп, қайтыс болды

Ақтөбе облысында 2 адам құдыққа түсіп, қайтыс болды. Көлтабан ауылдық округіне қарасты Жарлы елді мекенінде тереңдігі 10 метрге жуық ойыққа 9 жасар ойын баласы түсіп кеткен. Қаршадай қызды апаннан шығаруға ұмтылған 1987 жылғы азамат та қоқысқа толы құдықтан шыға алмай қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бала мен ересек адамды ес-түссіз халде сыртқа шығарған. Зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілгенімен, екеуі де қайтыс болды. Көмекке ұмтылған көршісі 38 жастағы Нұрбол Бердіғалиевтің артында 6 баласы қалды. Марқұм жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеген.
АСЛАН МҰХТАР, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Осыған байланысты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
———————————————