Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал кәсіпкерлерін бопсалап, ақша алумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. 10 маусымда жүргізілген операция барысында сегіз Қазақстан азаматы ұсталды. Күдіктілердің екеуі сот санкциясымен қамауға алынды. Өңір кәсіпкерлерін ұдайы қорқытып-үркітіп отырған топ мүшелерін тінту барысында ірі көлемде валюта және өзге де айғақты заттар табылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Қылмыстық-прцессуалдық кодекстің 201 бабы 1-бөліміне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Алматыда 2 жасырын есірткі зертханасы мен ірі қойма жұмысын әшкерелеген болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.