Амнистиямен босайтын мыңдаған адам қайда жұмыс істейді?

Амнистиямен босайтын мыңдаған адам әрі қарай не істейді, қайда барады? Ішкі істер министрінің орынбасары, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы түрмеден шыққандарды жұмысқа тұрғызу мәселесі үлкен проблема екенін мойындады. Абай Қайырбековтың айтуынша, қазір пробация есебіндегі 27 мыңнан астам адамның 5 мыңдайы екі қолға бір күрек таппай жүр. Кәсіпкерлер оларды жұмысқа алудан сескеніп, көбіне бас тартып жатады. Жазасын өтеп шыққандардың өздері де жұмыс істеуге аса құлшынбайды.
АБАЙ ҚАЙЫРБЕКОВ, ІІМ ОРЫНБАСАРЫ:
— Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізілді. 79-бапқа сай, қазір кәсіпкерлерді жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды жұмысқа алған жағдайда 5 жыл бойы оларға преференция қолданылады. Қылмыстық кодексқа өзгеріс енгізіп отырмыз, сотталғандарды жұмысқа тұру орталықтарына тіркеуге міндеттеп отырмыз.
———————————————