ШҚО-да өрт тұтанудың жоғарғы қауіптілік деңгейі жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында өрт тұтанудың жоғарғы қауіптілік деңгейі жарияланды. Құтқарушылар аймақ тұрғындарына орман-тоғайларға бармауға кеңес береді. Өңірде жыл басынан бері 7 орман өрті тіркеліп, 180 гектар аумақты қызыл жалын шарпыды. Қорықшылар мен төтенше жағдай қызметкерлерінен жасақталған 52 мобильді топ қауіпті аймақтарда 400-ге тарта рейд ұйымдастырды. Орман алқабын тұтастай бақылау үшін алғаш рет ұшқышсыз аппараттар қолданылып жатыр. Дрон арқылы өрт қауіпсіздігін сақтамау деректері анықталып, рұқсатсыз от жаққан 73 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
МЕДЕТ МҰҚАШЕВ – ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Жалпы орман алқаптарында сонымен қатар орман алқаптары ішінде орналасқан демалыс базасында өрт-қауіпсіздік талаптары мен бірқатар қағидалар көзделген. Атап айтсақ, алғашқы өрт құралдарымен жабдықталу және демалыс базасы аумағын минералды жолақпен қамтамасыз ету.
———————————————