Ақбөкендер алқаптарды таптаған! Қостанай облысында киіктер егістік пен шабындық жерлерге жаппай кіріп жатыр. Ырыздығын жерден тапқан диқандар дала жануарының әлегінен үлкен шығынға баттық деп мұңын шағуда. Тиісті мекемелер шара қолданбаса, жағдай қиындайды, дейді шаруа қауымы. Жалпы елімізде киіктердің саны 4 млннан асады. Басым бөлігі Амангелді және Жанкелдин ауданының сайын даласында мекендейді. Сол сияқты биыл ақбөкендер Науырзым, Қамысты ауданы және Арқалықтағы алқаптарға да кірген.
ПЕТР ГУРАЧЕНКОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазіргі таңда 28 адамнан жасақталған 12 мобильді топ жұмыс істейді. 16 техника жұмылдырылған. Бұл топ ақбөкендердің егіс алқаптары мен жайылымдарға зақым келтірмеуінің қамын жасап жатыр. Шаруаларға киіктерді алқаптардан қуудан басқа амал жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.