Дендрологиялық саябақтағы көлді толтыру және ағаштарды суару үшін пайдаланатын үлкен магистралды канал бүгін арнасынан асты. Жақында ғана жөндеуден өткен арнаның тасу себебі белгісіз. Бірақ тасыған су 10-нан астам үйдің ауласы мен балабақшаға кірген. Наурыз шағын ауданының тұрғындары шығынға баттық деп отыр. Ал қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бұл мәселеге қатысты әлі пікір білдірмеді. Қалпына келтіру басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.