Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірнеше әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Президент биыл ашылған Бекзат Саттарханов атындағы көпфункционалды спорт кешеніне барды. Мұнда футзал, волейбол, баскетбол, сондай-ақ бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар орналасқан. Мемлекет басшысы жас спортшылармен тілдесіп, оларға үлкен жетістіктер тіледі.
АРНҰР ЖӘНЕ НҰРАСЫЛ:
— Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым Арнұр, жасым 14-те, менің бауырым Нұрасыл жасы 13-те. Біз жазғы каникулды тиімді өткізу үшін Бекзат Саттарханов атындағы бокс кешеніне келіп, дайындаламыз. Бұл жерде дене шыңықтыруды ғана емес, тәлім-тәрбиеге үйретеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бекзат Саттархановтың жолын жалғап жүресіздер, үлкен абырой жауапкершілік, сондықтан баршанызға сәттілік тілеймін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.