Әлемдік рекорд: Павлодарда 4 метрлік алып кимешек орнатылды

Павлодар қаласының орталық жағалауында ерекше инсталляция пайда болды. Биіктігі 4 метрге жуық алып кимешек орнатылды. Ұлттық бас киім сәндік элементтермен және асыл тастармен әсемделіп, «Алып кимешек» жобасының басты нышанына айналды. Туынды халықаралық деңгейде мойындалып, GLOBAL BOOK OF RECORDS кітабына әлемдегі ең үздік ұлттық бас киім жобасы ретінде ресми тіркелді. Жобаның авторы — павлодарлық қолөнер шебері Гүләйім Ақымбаева. Оның айтуынша, бұл жоба тек рекорд орнатуды ғана емес, қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеуді және мәдени мұраны сақтауды мақсат етеді. Жоба арқылы жастар ата-баба мұрасымен жақынырақ танысып, қазақ әйелдерінің бұрын қандай әсем киінгенін көре алады. Айта кетейік, іс-шараға ақ кимешек киген 300-ге жуық әйел қатысты.
ГҮЛӘЙІМ АҚЫМБАЕВА, «АЛЫП КИМЕШЕК» ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ
— Осы алып кимешек суағарымен ұзындығы 4 метрдей болады. Моншақтың саны – 2025. Оол осы орнатылған 2025 жылы– рекорд жылы.

ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «GLOBAL BOOK OF RECORDS» РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Әлемде мұндай рекорд әлі болған жоқ. Сондықтан алып кимешек тек қазақтың емес, көбіне көшпелі халықтардың дәстүрінде – қырғыздарда, қарақалпақтарда бар. Сондықтан киелі бас киім.
———————————————