Ақтөбе облысында 2 адам құдыққа түсіп, қайтыс болды | 19.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАУІПТІ ҚҰДЫҚ
Ақтөбе облысында қайғылы оқиға. Жеке үйдің ауласындағы тозығы жеткен құдыққа 9 жастағы қыз құлап, оны құтқарамын деген жігіттің өзі де аман қалмады. Кінәлі кім?

ҚАРЖЫ ЖИНАУ КВЕСТІ
Ақша бопсалау – бизнес пе әлде әдет пе? Оралда кәсіпкерлерді қорқытып, ақша бопсалап жүрген топтың жолы кесілді. Арнайы қызмет 8 күдіктіні қолға түсірді.

КИІКТЕН КЕЛГЕН ҚАУІП
Киіктен зәрезап болған қостанайлық шаруалар көмек сұрайды. Дала жануары егістік алқаптың түгін қоймай таптап жатыр. Бұған шұғыл шара қолданбаса, жағдай қиындайтынын айтады.

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ҚАДАМ
Сенат депутаттары Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Кешірімге кімдер ілігеді?

КИМЕШЕК РЕКОРДҚА ЕНДІ
Ұлттық сән индустриясында жаңа белес. Павлодарлық қолөнершілер қазақ әйелінің киелі бас киімі – кимешекке арналған төрт метрлік инсталляция жасап рекорд орнатты.
———————————————