Бірге тұратын әйелін бірнеше жерден пышақтап, 25 қабатты үйден ер адам өзі де секірген. Астанадағы тұрғын үйдің бірінде болған оқиға. Әйел тіл тартпастан кетті. Ал ер адам соншама қабаттан секіргенімен, үйдің алдында көліктерге құлап, тірі қалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Марқұм әйелдің артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.