Талдықорғанда қарақұрт қаптады. Алайда құзырлы органдар зиянкестің көбейгеніне міз бақпай отыр. Дабыл қағып жатқан облыс орталығының тұрғындары. Әсіресе жаңадан бой көтерген «Құлагер» ықшам ауданындағы арықтарда қарақұрт көбейген. Ал жалпы Жетісу облысында биыл 10 адамды қарақұрт шаққан, кейбірі жансақтау бөліміне жеткізілді. Тіпті Талдықорған тұрғынын үйінде шағып алған. Бір қызығы санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандары жәндікпен күрес біздің құзырымызға кірмейді десе, қала билігі қарақұрттан ат тонын ала қашқан. Ал тұрғындар жазғы демалыста балаларын сыртқа шығарудан қалды.
НҰРКАМАЛ ЕСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Әнеукүні кішкентай шөберем айтады: «Аапа, апа, мына жерде қарақұрт бар. Қорқамын», — дейді. Содан қорқамыз, алаңдаймыз. Қарақұрт дегеннен құдай сақтасын енді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.