Зайсан көлінде ұйымдасқан браконьерлер тобы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде арнайы операция барысында ұйымдасқан браконьердің 3 тобы ұсталды. Олар Қараой, Шеңгелді ауылының маңындағы көл жағасында заңсыз балық аулаған. Олар сақадай-сай жарақтанған екен. Тәртіп сақшылары нөмірсіз фургон көлігін, моторлы қайықтар мен ұзындығы бірнеше шақырым тор тәркіледі. Бұл – бір ғана жағдай емес. Соңғы алты айда облыста 92 браконьерлік тіркелген. Тіпті олар Марқакөл қорығында да заңсыз әрекет еткен. Барлық дерек бойынша 117 әкімшілік іс қозғалды.
РУСЛАН НҰРСАПАНОВ, ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Заңсыз аулаған балықтың салмағы шамамен 300 келі. Келтірілген шығын мөлшері 1 миллион 800 мың теңгеден асады. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қазіргі уақытта заңға қайшы әрекеттерге қатысты барлық тұлғалар мен мән жайлар анықталуда.
———————————————