Алматы облысында тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты. Өрт «Алматы – Өскемен» тасжолының 34 шақырымында, Алатау қаласының маңында орын алды. Жалаңдаған қызыл жалын шамамен төрт гектарды қамтыды. Маңайды қою қара түтін басып, салдарынан республикалық маңызы бар жол уақытша жабылып, бірнеше шақырымға созылған автокөлік кептеліс пайда болды. Құтқарушылар өрттің таралмауына күш жұмсап жатыр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта жерді қалпына келтіру және топырақпен көму жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ӘЙГЕРІМ ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Оттың жақын маңдағы аумаққа және құрғақ шөптерге таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД, Алматы қалалық ТЖД және «Таза әлем»қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті жалпы саны 66 адам мен 35 техника жұмылдырылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.