Шымкентте күн ыстығынан асфальт еріп жатыр

Аптап ыстық салдарсыз болмады. Шымкентте күн райының 40-45 градусқа дейін ыстығынан асфальт еріп жатыр. Жүргізушілер Шымкент – Қазығұрт бағытындағы ақылы жолда асфальт жабынының көтеріліп кеткенін айтуда. Желіде тараған видеодан жаңадан төселген жол күннің ыстығына шыдас берімей ерігенін көруге болады. «Дегенмен Республикалық маңызы бар жол шұғыл қалпына келтірілді», — дейді «ҚазАвтоЖол» өкілдері
СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ – «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Шымкент – Өзбекстан Республикасы шекарасы ақылы жол учаскесінің 763 шақырымында ауа райының +40/+45°C ыстық болуына байланысты цементбетон жабынының көтерілгені анықталып, шұғыл шаралар қабылданды. Жол қызметінің жүйелі жұмысының нәтижесінде ақаулар алдын ала анықталып, оны жою бойынша жұмыстар атқарылды. Аталмыш шараға 3 бірлік арнайы техника мен 4 жол маманы жұмылдырылды.
———————————————