КИСИ GPS пікір алаңында құрылтай шешімдері сараланды

Семей қаласында Ұлттық құрылтай шешімдерінің іске асырылуына арналған қоғамдық бақылау мәселесі талқыланды. «КИСИ GPS: Сұхбат, пікір, көзқарас» пікірталас алаңында сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері кездесті. Мониторинг тиімділігі мен биліктің ашықтығы – негізгі тақырыптың бірі болды. Шараны Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Қатысушылар қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі, жобалардың мерзімінде орындалуы, ақпараттың ашық таратылуы секілді мәселелерге ерекше назар аударды.
АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біз бүгін Семей қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының ұйымдастыруымен КИСИ GPS деген сараптамалық алаң бар соның мәжілісін өткізіп отырмыз. Яғни біз бүгін тікелей осы Абай облысында жалпы қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың мәселелерін талқылаймыз. Және бұл – Мемлекет басшысымен осы биылғы Наурыз айында болған Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмалардың бірі. Яғни қоғамдық бақылауды күшейту керек, қоғамдық бақылауға азаматтарды қатыстырту керек.
———————————————