Перизатқа алданбаған адам жоқ. 3,5 млрд теңге көлемінде қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқыру дерегі бойынша Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан сот процесінде тағы да біраз былықтың беті ашылды.
Бүгін қылмыстық істің екінші эпизодын зерттеу басталды. Сот отырысында жәбірленуші тараптың өкілі ретінде «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев сөйледі. Ол Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға 200 миллион теңге аударылғаны туралы айтты. Сотта аталған іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған блогер Олжас Садық та куәлік берді. Ол Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін қомақты көлемде қайырымдылық қаражатын жинағандардың бірі болған. Танымал блогер 83,5 млн теңгеге алданғанын айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.