Ақтөбеде кәсіпкер ауыл әйелдерін қолдайтын форум өтті

Бизнес. Дәстүр. Инновация! Ақтөбеде ауыл әйелдерінің кәсібін қолдау мақсатында өткен форум осылай деп аталды. Іс-шараға 25 кәсіпкер әйел қатысты. Олардың нәсібін тауып отырған кәсіптері де әртүрлі екен. Бірі ұлттық киім тіксе, енді бірі үйге қажет заттар, қолдан жұмсақ ойыншықтар жасау. Араларында ауылда шұжық өнімдерін, тіпті сабын жасап шығаратындар да бар болып шықты. Ұйымдастырушылар: «Осындай шаралар арқылы әйелдерге, әсіресе аграрлық бастамаларды дамыту жолдарын көрсетіп, болашақта бизнесті өркендету үшін қажет ақпарат берсек, сөйтіп қолға алған істерін дамытуға ықпал етсек», — дейді. Форумда ауылдан шыққан кәсіпкер әйелдердің табыс жолындағы жетістігі, әйелдер көшбасшылығы және әлеуметтік кәсіпкерлік жайында да сөз болды.
КӘМШАТ ТӨЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
— Қолдау керек. Ақпарат жетіспейді. Мысалы, өздерінің бизнестерін ары қарай дамытуға қаржылық сауаттылық бойынша білімі жетіспейтіндер де бар.
———————————————