Алматыда автобус апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда автобус, автокран және бірнеше көлік соқтығысып, 23 адам зардап шекті. Жолаушылар №2 балалар ауруханасы мен №7 қалалық клиникаға жеткізілген. Дәрігер тексерісінен кейін қажетті медициналық көмек көрсетіліп, барлығын үйіне жіберген.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК — АЛМАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Боралдай тас жолымен шығысқа қарай бет алып бара жатқан МАЗ жүк көлігі қатарлас келе жатқан Mercedes және Kia көліктерімен соқтығысып, жолдың қарсы бетіне шығып, Yutong маркалы автобуспен, сонымен қатар Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ресми тергеу басталды.
———————————————