Ақтөбеде мас жүргізуші бағанға соғылды

Ақтөбеде Некрасов пен Берсиев көшелерінің қиылысында жүргізуші бағанға соғылды. 68 жастағы Opel Astra көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Апат салдарынан 19 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «Мас күйінде көлік құралын басқару» бабы бойынша іс қозғалды.
АБЗАЛ СӘРСЕНБАЕВ — ҚАЛАЛЫҚ ПБ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 68 жастағы Opel Astra көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай көше жарығының тірегіне соғылған. Ақтөбе облысының полиция департаменті ескертеді. Рөлге мас күйде отырған әрбір адам өз өміріне ғана емес, айналасындағыларға да қауіп төндіреді».
———————————————