Жалпы ішкі өнім өсімі 6,2%-ға жетті

Соңғы 6 айда жалпы ішкі өнім өсімі 6,2%-ға жетті. Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы әртараптандыру, цифрландыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі шаралардың маңызын атап өтті. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамыту және көлік дәліздерін кеңейту міндеті қойылды. Ауыл шаруашылығында логистика мен өнім сақтауды жетілдіру, ал мұнай-газ секторында ірі жобаларды іске асыруды жеделдету тапсырылды. Сонымен қатар инфляцияны тежеу мен бағаны тұрақтандыру Үкімет пен әкімдердің басты басымдығы ретінде белгіленді.
———————————————