Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ДҮЛЕЙ ДАУЫЛ САЛДАРЫ
Кеше бірнеше өңірде дауыл тұрды. Павлодар облысында желдің екпіні секундына 43 метрге жеткен. Айтарлықтай шығын бар. Көптеген тұрғын зардап шегіп, әйел адам қаза тапты.
ҚАЛАҒА ҚАРАҚҰРТ КІРДІ
Талдықорғандықтардың мазасын қашырған қарақұрт несімен қауіпті? Жәндіктің уы жылан уынан 15 есе күшті. Қарақұрт шаққан бірнеше адам жансақтау бөліміне түсті. Зиянес қалаға кіріп кеткен.
БАЛЫҚ ҚЫРҒАН
Ел шығысында балыққа қырғидай тиген браконьерлер ұсталды. Олар тіпті топ-тобымен жүретін болған. Өзен-көлге ау салып, су маржанының түгін қоймай аулуға машықтанған топтан 300 келіден астам балық тәркіленді.
ҚОЮ ТҮТІН ЖОЛДЫ БАСТЫ
«Алматы – Өскемен» тасжолында көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылды. Қоқыс полигонынан шыққан қою қара түтін көкті тұмшалап, көз байлаған. Жол көрінбеген соң, қалың көлік кібіртіктеп қалды.
МІНСІЗ МАРШ, СЫМБАТТЫ САРБАЗ
Сап түзеген сарбаз, шегедей тәртіп! Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасына екінің бірі ілікпейді. Ал іріктеуден өткендердің күн тәртібі қалай?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.