МӘМС жүйесіне өзгеріс: жұмыссыздар үшін жарнаны мемлекет төлейді

Енді елімізде жұмыссыз бен әлеуметтік осал топ үшін жарна жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл жаңа өзгеріс Мемлекет басшысы қол қойған міндетті әлеуметтік сақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуге қатысты заңда көрсетілген. Сондай-ақ МӘМС жүйесі арқылы енді тұрғындар сапалы дәрігерлік көмек алуға қол жеткізеді. Атап айтсақ, біртұтас медициналық көмек пакеті енгізіледі. Тегін көрсетілетін қызмет көбейеді. Оған екпе салу, скрининг және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу кіреді. Жұмыс берушілер үшін МӘМС жарнасы есептелетін жалақының шекті көлемі – 40, ең төменгі жалақыға дейін, ал қызметкерлер үшін 20 ең төменгі жалақыға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар сақтандырылған азаматтардың мәртебесін қорғау шарасы енгізіледі. Егер азамат соңғы 60 ай ішінде тұрақты төлесе, жарна төлеу уақытша тоқтаған жағдайда, ол 6 ай бойы медициналық көмекті алуға құқылы. Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
ЛӘЗЗӘТ ШОМАНОВА, ДСМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
— Тағы да айта кететін жайт, ДЕ котегориясына жататын, санатына жататын азаматтар олар күнделікті өзінің қамтамасыз етуге шамалары жетіспегеннен кейін олардың жарнапұлын жергілікті әкімшілік төлеп отырады.Олардың осы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру үшін.
———————————————