Алматы облысында баласын құтқармақ болған ана көз жұмды. Отбасылық демалыс кезінде 10 жастағы бала Талғар өзеніне құлап кетеді. Мұны көрген анасы құтқармақ болып, артынан суға секірген. Өкінішке қарай, әйел сол күйі сыртқа шыға алмай, батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін тапты. Баланы іздеуге еріктілер және ауыл тұрғындары да тартылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.