2026 жылдан бастап күмәнді аударымдар 5 күн ішінде дәлелденбесе, шот бұғатталады

Көкшетауда ерлі-зайыпты өзін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған алаяққа 18 миллион теңге аударып жіберген. Бұл қаражатты кері қайтара алмады.
Енді алаяқтар аяғын тартады. Жұртты алдап-арбап, миллиондап несие алғызып, зар илеткендер бес күннің ішінде ақша аударымдарын растайтын құжат көрсете алмаса, есепшоттары бұғатталып, қаржылық операциялары тоқтатылады. Бұл өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстандағы банктер, төлем ұйымдары мен ұялы байланыс операторлары алаяқтық күдігі туындаған жағдайда осындай шектеу шараларын қолдана алады. Бұл норма 2025 жылдың 30 маусымында қол қойылған «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» заңда бекітілген. Қазіргі уақытта мұндай бұғаттау мерзімі үш күннен аспайды.
———————————————