Астана іргесіндегі ұшақ апаты: қылмыстық іс қозғалды

Қазір Астана іргесіндегі құлаған ұшаққа байланысты арнайы тергеу комиссиясы құрылып, істің мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, кеше Астана маңында жеңіл ұшақ құлаған болатын. Жеке меншікке тиесілі TL-2000 әуе кемесінде болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл моторлы, екі орындық ұшақ Жоламан аэродромына жақын жерде апатқа ұшыраған. Әуе көлігі оқу-жаттығу рейсін орындау үшін көкке көтерілген.
ҚАЙБАР МӘЛІК, КӨЛІКТЕГІ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Көліктегі полиция департаментімен TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 344 бабы 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру бастады. Апат салдарынан 2 адам қаза тапты. Ол ұшқыш пен жолаушы. Апаттың себептері анықталуда.
———————————————