8 млн қазақстандық салық декларациясынан босатылады. Бұл – жалақы және қандай да бір әлеуметтік төлем алатын жеке тұлғалар. Қаржы вице-министрінің айтуынша, барлық операцияның 87% цифрмен жүргізіледі, ал олар үшін салықты жұмыс беруші немесе агент төлейді. Сенат жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды. Жоғарғы палата депутаттарының пікірінше, төлем карточкалары арқылы жасалған операцияларды қосылған құн салығынан босату қажет. Тағы да осындай бірнеше ұқсыныс бар. Айта кетейік, бұл құжат келер жылдың басында күшіне енуі мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.