Елімізде қатерлі ісік ауруларын дер кезінде анықтайтын тың жүйе іске аспақ. Оны қазақстандық IT мамандары әзірлеп жатыр. Сәтін салса, жасанды интеллектке негізделген тың технология келер жылы сынама түрінде емдеу мекемелеріне енгізілмек. Жалпы, бұл саладағы қызметкерлердің білімін жетілдіру жолға қойылған ба? IT мамандарының қандай ғылыми жаңалықтары бар?
AI Summer School 2025 – IT мамандары арасында кеңінен танымал іс-шара. Жасанды интеллект бойынша оқытушылар мен студенттердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Оларға Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елінің тәжірибелі айти саласының мамандары білім береді. Бес күндік оқу бағдарламасы екі бағыттан тұрады.
АСЫЛБЕК ИСАХАОВ, ХАТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
— Жалпы және техникалық бағыт. Жалпы бағытта жасанды интеллектіні кәдімгі өмірде қолдануға арналған. Техникалық терең мамандандырылған бағыт. оның спикерлері – халықаралық сарапшылар жасанды интеллект бойынша, әр университет қызметкерлерін қолдау үшін осында жіберіп отыр.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
— Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласына белсенді енгізіліп жатыр. Астанадағы IT университеті жанынан былтыр ашылған ғылыми зерттеу орталығында бірнеше жоба әзірленуде. Соның бірі сүт безінің қатерлі ісігін анықтауға қатысты. IT мамандарының айтуынша, жасанды интеллектке негізделген тың технология ем-дом сапасын жақсартып қана қоймай, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге де мүмкіндік бермек.
Бейбіт Әбдікен – сол маңызды ғылыми жобаның жетекшісі. Тың жүйе қазір сүт безінің қатерлі ісігі ауруларына 85 пайыз дәлдікпен диагностика жасай алады. Алайда IT мамандары бұл көрсеткішті 90 пайыздан асырмақшы. Діттегендері – дертті қатесіз анықтауға барынша жағдай жасау. Жоба жетекшісінің айтуынша, емделушіге жасалған мамография, биопсия сияқты тексерістердің медициналық қорытындылары бір жүйеге енгізіліп, толық автоматтандырылмақ.
БЕЙБІТ ӘБДІКЕН, IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
— Скринингтік процесте мамографиялық суреттер, одан кейін, УЗИ, КТ, МРТ солардың суреті өтеді. Радиолог мамандар өздерінің позициясын жасайды ғой. Соны біз жасанды интеллектіні қолданып, автоматтандыруға тырысып жатырмыз. Дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Қатесіз диагноз қоюын арттырады.
Сәтін салса, келер жылы онкологиялық диспансерлер бұл жүйені сынама түрінде қолданысқа енгізіп көрмек. Болашақта жасанды интеллектінің көмегімен неврология бағытында да диагностикасы сапасы артады деген сенім бар. Мәселен, Паркинсон ауруын болжап, індетті дер кезінде анықтау үшін тың тәсілдер зерттеліп жатыр. Тіпті, төрт түлік өсіру ісін қолға алған шарулар да айти технологияның игілігін көріп отырғандарын жасырмайды. Бүгінде ірі қараға есеп жүргізу үшін фэйс бақылау жүйесі енгізіле бастапты. Цифрлық даму министрлігі жасанды интелектке негізделген бастамаларға қолдау қашан да болатынын жеткізді.
ӘЛІБЕК САЙЛАНБАЕВ, ЦДМ ЖИ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Үкімет тарапынан біздің бірінші мақсат – адами капитал. Адамдарды жаңа технологияларға, жасанды интеллектке үйрету. Мысалы айти саласында мекетп ашып, сабақ берейін деп жатқан адамдарға Тех орда программасы бар. Үкіметтен ваучерлер беріледі. Адамдар оқиды.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде IT хаб ашылған. Онда 1,5 астам компания тіркелсе, соның 10 пайызы жасанды интеллект саласына тиесілі. Оларға салық жағынан жеңілдіктер қарастырылған. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, тек отандық медицина ғана емес, қаржы мен білім саласы да жасанды интеллектінің мүмкіндігін барынша пайдаланып жүр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.