Ақтөбе облысында «Айбын – 2025» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды. Осымен ол он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрге айналған шара биыл Ұлы Жеңістің 80 және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылды. Оған Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан барлығы 800-ден астам адам қатысып жатыр. Жиын Сарыжар ауылы маңындағы Мартөк ауданында орналасқан Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтуде. Қатысушылар пневматикалық мылтықтан оқ атып, Калашников автоматын уақытқа жинау бойынша жарысуда. Сонымен қатар, зияткерлік ойын, робототехника және шығармашылық байқауларда да бақтарын сынайды. Әскери-патриоттық жиын 28 маусымға дейін жалғасады.
ЛЕЙЛА ПЕРМАТОВА, АЛМАТЫ КОМАНДАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
— Біз осымен Айбынға екінші рет қатысып жатырмыз. Жақсылап дайындалдық. Енді бар үмітті ақтаймыз деген ойдамын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.