Астанадағы ЭКСПО аумағында дрон жарық шоуы өтеді

Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында Қазақстан полициясы күніне орай дрон жарық шоуы өтеді. Елорда әкімдігі келтірген ақпар бойынша, ауқымды шара 22:00-де басталады. Ол мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ. Ал шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді деп жоспарланған.
———————————————