Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ГҮЛ ОРНЫНА ПЫШАҚ СЕРМЕДІ
Мелодрама детективке айналды. Астанадағы тұрғын үйдің бірінде сүйген қызын пышақтап өлтіріп, інісін жаралаған жас жігіт қамалды. Махаббат хат жазумен емес, хаттамамен аяқталды.
РЕЙС ТОҚТАДЫ
Air Astana Ирандағы жағдайға байланысты көптеген рейсін тоқтатты. Жолаушылар туроператордан қандай көмек көрсетілетінін және эвакуация қалай ұйымдастырылатынын түсіндіруді талап етті.
САЙРАМДАҒЫ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ
Шымкенттің Сайрам ауданындағы бірнеше ауыл диқандары су жетпей, көкөніс пен картоптың қурап қалғанын айтып дабыл қақты. Сусыз қалған егінге құрт түсіп, жағдай күннен-күнге күрделеніп барады.
«КӨКМАЙСАҒА» КӨЗ ТІКТІ
Ұлытауда өткен «Көкмайса» этнофестиваліне шетелдік қонақтар келді. Олар ұлттық ойынның тоғыз түрінен сайысқа түсті. Дүниежүзі көз тіккен қазақы дәстүр несімен құнды?
ШЕНЕУНІК ҮЛГІСІ
Бүгін – мемлекеттік қызметкер күні. Бірі есеп берсе, бірі көк екті. Сәтбаевта үйінің алдын өз қаражатымен көгалдандырып, «жасыл бастамамен» жұртқа үлгі болған шенеунік кім?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.