Сәбиді шашынан сүйреген: Павлодардағы балабақшада сұмдық жағдай тіркелді

Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде шу шықты. Екі жастан енді асқан балақайлар тәрбиешіден қорлық көріп жүр екен. Бұл жайтты бейнебақылау камерасы жазбасынан кездейсоқ байқаған ата-аналар жағаларын ұстады. Онда әйел адам кішкентай балаларды шашынан жұлып, итеріп, желкесінен ұрып жатқаны түсіп қалған. Мұндайды күтпеген ата-аналар, бірден полицияға арыз жазды. Олар бүлдіршіннің тілі анық шықпағандықтан, өздері айта алмайды, бірақ соңғы кезде мінез құлқы өзгерген дейді. Қазір оқиға бойынша, қызметтік тексеріс басталған. Балаларға қатыгездік көрсеткен тәрбиешінің осы салада 10 жылдық еңбек өтілі бар екен.
СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ
— Барлық балаға сот-медициналық сараптамаға жолдама берілді. Ресивер көз алдымда тәркіленді. Cоңғы 30 күннің бейнежазбаcы сақталған. Дерек мұқият зерттеледі. Өзге топ пен балабақша ішіндегі өзге бейнекамера да тексеріледі.
———————————————