Солтүстік Қазақстан облысында астан уланып, көз жұмған екі балаға алғашқы медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпеген медбикеге үкім шықты. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілер бұл үкіммен еш келіспеді. Олар аппеляциялық сотқа арызданбақ.
Айта кетейік, оқиға былтыр Қызылжар ауданының Надёжка ауылында болған. Кешкі астан бүтін бір отбасы уланып қалады. Олар үйге медбике шақыртқан. Алайда оның салғырттығынан, 3 жасар бала үйде көз жұмады. Ал оның 6 жастағы әпкесі ауруханада жан тапсырған. Анасы мен үйдің үлкені сауығып шыққан. Бір жыл өтсе де, олардың нақты неден уланғаны белгісіз. Сондықтан зардап шеккен отбасына 10 млн теңге моральдық шығынды аудандық аурухана өтейді.
ГАЛИНА КОВАЛЕНКО – ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Медбике немқұрайлық танытты. Келіп науқастарды қарап дәрі-дәрмегін беріп кетіп қалды. Бұл жағдайдан кейін ол жоғары жаққа хабар беріп, мән-жайды түсіндіруі керек еді. Сол кезде бәрі басқаша болар ма еді. Уақытында тиісті көмек көрсетілгенде жағдай басқаша болар еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.