Инвесторлар мемлекеттік орган қысымынан қорғалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа шаралар туралы айтты.
Нақтыласақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды болдырмауға мүмкіндік беретін «прокурорлық сүзгі» механизмі енгізілді. Қазақстанның стратегиялық тұрғыдан орналасуы, адами капиталы және реформаларды жан-жақты жүргізуі инвесторларға да, ұлттық экономикаға да мол мүмкіндік береді. Президент инвесторлардың мәселесін «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша, жедел шешуге бағытталған Инвестициялық штаб қызметіне тоқталды. Аталған штаб 70 миллиард долларды құрайтын, 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсеткен. Заңнамаға инвесторлардың проблемасын шешуді көздейтін 140 түзету енгізуге бастамашы болғанын атап өтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.