Қызылорда әкімдігі 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған. Шаһар жолдарын жөндеуге жарияланған конкурс тізіміне таяу жылдары асфальттанған көшелер де еніп кеткен. Жергілікті биліктің қаржылық қитұрқы әрекетін прокурорлар анықтады. Қала әкімдігі сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жариялау барысында жұмыс көлемі нақты көрсетілмеген жоба-сметалық құжаттама көрсеткен. Сонымен қатар көшелерде санитарлық шаралар жүргізіліп жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстарына негізсіз тендер жарияланған. Құзырлы орган өкілдерінің пәрменімен құны 3 миллиард теңгеге жуық 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.