Өскеменде саяжай тұрғындары биліктен жүк көліктерінің қозғалысын шектеуді талап етіп отыр. Екі мыңға жуық халқы бар саяжай алқабы жанында бірнеше өндірістік карьер орналасқан. Ал ол жерден ауыр техникалар қиыршық тас тасып, жолды әбден бүлдірген. Оның үстіне халық жүргізушілер жылдамдықты бәсеңдетпейді деп отыр. Салдарынан балалардың қауіпсіздігіне де алаңдайды.
Ертіс өзенінің жағасында орналасқан саяжай тұрғындары дабыл қақты. Айтуларынша, жүргізушілер осы маңдағы қиыршық тас өндіретін карьерге бау-бақша массиві арқылы қатынайды. Жүк көліктері жүрген сайын шаң көтеріліп, жұрттың мазасын қашырады.
ДМИТРИЙ МАКАРЕВИЧ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Біздің бағбандық кооперативтің сыртында қиыршық тас пен құм өндіретін 5 карьер бар. Жаз басталса жүк көліктерінің нөпірі артады. Салдарынан жол бүлініп жатыр.
Тұрғындардың айтуынша, жүк көліктері әр 20 минут сайын қатынайды. Күніне саябаққа жоқ дегенде 30-ға тарта техника кіріп-шығады екен. Сондықтан халық бұл мәселені айтып, қала билігі шағымданды. Жолдың жоқтығынан автобустардың да жүруі қиындап кеткен.
ЕЛЕНА РЯДИНСКИХ – АВТОПАРК ДИРЕКТОРЫ:
— Ойдым-ойдым жолмен жүру оңай емес. Жаңа автобустар бұзылса, шығынға бататынымыз айдан анық. Жасыратыны жоқ қазір жөндеу жұмыстары бір миллион теңгеден басталады.
Халықтың жанайқайын билік назарға алды. Енді карьер иелері жүк көліктеріне деп жеке техникалық жол салады.
ИРИНА СМИТ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Көлік қозғалысын реттеп, бұл мәселе бойынша ортақ келісімге келеміз деген ойдамын. Себебі қазір ауыр техникалар саяжай аумағында еш қадағалаусыз жүріп жатыр.
Мәселені жауаптылар бірер аптада шешіміз деп уәде етті. Сондай-ақ екі мыңға жуық халқы бар саяжай көшелеріне жылдамдықты шектеу белгілері де орнатылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.