Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50% өседі

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін өсетін болды. Бұл су беру және су беруді реттеу қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам маманға қатысты болмақ. Осылайша, олардың жалақы мөлшері жылу энергетикасы саласындағы мамандардың деңгейіне теңестіріледі. Айталық, қазір жылу энергетикасы мен электр энергетикасы салаларындағы орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласы мамандарының орташа айлығы – 231 мың теңге. Су ресурстары минисрлігі осылайша, салаға көбірек маман тартуды көздеп отыр. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
———————————————