Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттау рәсіме қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын, әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті. Денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайған. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынған. Көптеген аурухана халықаралық аккредиттеуден өткен. Нейрохирургия және Кардиохирургия ұлттық орталықтары әлемдік клиникалар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетеді. «Елімізде органдарды трансплантациялау ісі жоспарлы түрде дамып келеді», — деді мемлекет басшысы.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Әсіресе, жаһандық індет, яғни короновирус кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина маманына зор ризашылығымды білдіремін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.