Қарындасын зорлаған ағайындылар сотталды | 13.06.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АҒАДАН САДАҒА КЕТ!
Жамбыл облысына қарасты Мойынқұм ауданында екі ағайынды сотталды. Олар кәмелетке толмаған туысқан қарындасын алты жыл бойы зорлап келген. Сот біреуін өмір бойына, екіншісін 20 жылға бас бостандығынан айырды.

АВТОБУС АПАТҚА ҰШЫРАДЫ
Астанада тағы да автобус апаты. Бұл жолы КамАЗ қаққан қоғамдық көлік, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Оқиға қала іргесіндегі Қараөткел кентінде болған. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

ЗАҢСЫЗ БОНУС
Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларына 2,3 млрд теңге бонус заңсыз берілген. Бас-аяғы 20 футболшыға артық ақша төленсе, оның 12-сі – шетел азаматы. Мемлекет басшысының легионерлерге шығындалмау туралы тапсырмасы неге орындалмай жатыр?

ХАЙНАНЬДАҒЫ ТАЙФУН
Демалуға барғандар дүлей тайфунға тап болды. Қытайдың Хайнань аралында тынығып жатқан қазақстандықтар елге қайта алмай отыр. Рейс жоқ. Ал қонақ үйде тұру уақыты аяқталғандар далада түнейтін болдық деп дабыл қағып жатыр.

ДОНОР БОЛЫҢЫЗ
Ертең – дүниежүзілік қан доноры күні. Осыған орай, тілшіміз елордадағы қан орталығына арнайы барып, донор болды. Ал сіз соңғы рет қашан қан тапсырдыңыз?
———————————————