Бүгін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин сапармен Астанаға келді. Қытай көшбасшысы мінген бортты- ел шекарасынан елордаға дейін, Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинді балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді. Сапар барысында, жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.